- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Сербия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланды
Қазақстан мен Сербия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланды
Жүздесу барысында екіжақты, соның ішінде парламентаралық қарым-қатынасты одан әрі тереңдетудің өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар дипломатиялық байланыс басталған жылдар ішінде қос мемлекет арасында өзара сенімді және белсенді іс-қимыл орнағанын ерекше атап өтті. Және жеткен жетістіктерді одан әрі еселей түсудің маңыздылығын айтты.
Г. Исимбаева атап өткендей, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сербия Президенті Александр Вучичтің жоғары деңгейдегі кездесулері екі ел арасындағы саяси ынтымақтастың жарқын көрсеткіші.
Мәжіліс Төрағасы орынбасарының айтуынша Қазақстан Сербиямен сауда-экономикалық байланысты одан әрі нығайтуға ынталы. Ол үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы, көлік-логистика, фармацевтика және туризм салалары да басым бағыттар қатарында.
Тараптар халықтар арасындағы татулық жайын сөз ете келіп, этникааралық және дінаралық келісімді қамтамасыз ету әрі реттеу мәселесінде Қазақстан мен Сербияның тәжірибесі мол екеніне тоқталды.
Мәртебелі мейман өз сөзінде Қазақстан басқа елдер мүддесіне қайшы келмейтін халықаралық деңгейдегі бейбіт бастамалардың арқасында БҰҰ Кауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі атанғанын және Сирия мәселелерін реттеу бойынша маңызды келіссөз алаңына айналғанын атап өтті. Кездесу соңында тараптар барлық мүмкіндікті пайдаланып, екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты нығайтуға уағдаласты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары