- Басты
- Жаңалықтар
- М.Қоғамов қоғамдық кеңестің 2018 жылға жоспарланған жұмысы туралы айтып өтті
М.Қоғамов қоғамдық кеңестің 2018 жылға жоспарланған жұмысы туралы айтып өтті
«Қоғамдық кеңес туралы» Заңға сәйкес 2016 жылы ІІМ-де ішкі істер органдарының қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына 18 мүше кірді.
Кеңестің жанында екі комиссия құрылды: бірі – заң шығару қызметі мәселелері бойынша, бұл комиссия ІІМ әзірлейтін азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды, екінші комиссия азаматтардың арыздарын және полиция жұмысының ашықтығын қарастырады.
Қоғамдық кеңес Заңда көзделген қоғамдық бақылаудың 4 нысанын белсенді іске асырады: қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама, мемлекеттік органның есебін тыңдау.
Қоғамдық мониторинг аумақтық органдардың қызметін жан-жақты зерделеу үшін өңірлерге шығу және құқықтық насихат жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
2016-2017 жылдары 18 мониторинг жүргізілді, яғни Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарының, Алматы қаласының ІІД мен ЖПҚ (жергілікті полиция қызметі) жұмыстары сараланды.
Мониторинг жүргізу кезінде Қоғамдық кеңес мүшелері бөліністердің жұмысымен танысты, жеке құрамның назарына Кеңестің ағымдық жұмысы, криминалдық цикл саласында алда тұрған өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат жеткізілді. Мониторинг нәтижелері Кеңестің отырыстарында пайдаланылды, қызметтік жазбамен министрге және облыс әкімдеріне баяндалды.
Есбол Социалхан
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды