• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда үй құрылысы комбинаты бойынша 17 жоба іске қосылады – Б. Жәмішев

Қазақстанда үй құрылысы комбинаты бойынша 17 жоба іске қосылады – Б. Жәмішев

14 Қаңтар, 2014 11:03
Индустриялық үй құрылысы комбинаты бойынша 17 жобаны жүзеге асыру қарастырылған, оның жалпы жобалық қуаты 1,5 млн шаршы метрді құрайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.

«Бұл технологиялардың артықшылығы - үйлердің жылдам салынуы. Құрылыстың жүруі ауа райына тәуелсіз  және сапасының деңгейі өте жоғары болады. Бұл құрылыстың құндылығын арттырып, сапалығын жақсартады», - деді министр.

Сонымен қатар, ол 2013 жылы ҮҚК бойынша 7 жоба іске асырылғандығын атап өтті.

 

 

Барлық жаңалықтар