• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т. Дүйсенова: ТжКО түлектерін жұмысқа орналастыру кейбір аймақтарда өте төмен деңгейде

Т. Дүйсенова: ТжКО түлектерін жұмысқа орналастыру кейбір аймақтарда өте төмен деңгейде

7 Қараша, 2017 14:14
Үкімет отырысында не себепті ТжКО түлектерін жұмысқа орналастыру кейбір аймақтарда өте төмен деңгейде екенін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова түсіндірді.

Министр атап өткендей, 2022 жылға дейін бағдарлама аясында шамамен 500 мың адамды оқумен қамту жоспарланған.

«Әкімдіктердің назарын бірнеше мәселеге аударса дер едім. Бірінші кезекте ТжКО түлектерінің жұмысқа орналастыру деңгейінің төмендігіне. Бұл ретте екі себеп бар, оқу мекемесінің  материалдық-техникалық базасының төмендігі немесе нарыққа қажетті емес мамандықтарға оқытуы. Бүгінде Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Алматы қаласында түлектерді жұмысқа орналастыру 10%-дан аспайды», - деп мәліметтерді келтірді Тамара Дүйсенова.

Осы ретте, ведомство басшысы Премьер-Министрден әкімдіктердің оқыту мекемелерінің материалдық-техникалық базасына қарауын сұрауды өтінді.

«Бақытжан Әбдірұлы облыс әкімдеріне келер жылға білім беруді ұйымдастырмас бұрын білім мекемелерінің материалдық-техникалық базаларына және мамандарды даярлап, одан ары жұмысқа орналастыру мәселесіне ерекше назар аударуларын талап етуіңізді сұраймын», - деді Т. Дүйсенова.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар