• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тегін кәсіби-техникалық біліммен 720 мыңнан астам қазақстандық қамтамасыз етіледі

Тегін кәсіби-техникалық біліммен 720 мыңнан астам қазақстандық қамтамасыз етіледі

7 Қараша, 2017 13:12
Тегін кәсіби-техникалық біліммен 720 мыңнан астам қазақстандық қамтамасыз етіледі, деді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында.

«Қазіргі кезде республикада 817 колледж, оның ішінде 473 - мемлекеттік, 344 - жекеменшік колледж жұмыс істейді. Колледждердің жобалық қуаттылығы 489,1 мың адам контингентке 546,9 орынды құрайды. Соңғы 4 жылда 8 колледждің құрылысы есебінен 3840 орындық жатақхана, бос алаңдар мен ғимараттарды реконструкциялау және салу есебінен жатақханада 3652 орын пайдалануға берілді.Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті бюджет есебінен               2900 орындық 4 колледждің құрылысы, 520 орындық 3 жатақхананы салу және қайта құру қарастырылған», - деді Е.Сағадиев.

Колледждерде кадрларды даярлау 213 мамандық және 703 біліктілік бойынша жүргізіледі.

«Жоба екі бағыт бойынша іске асырылуда.Жоба шеңберінде жұмысшы біліктіліктері бойынша барлық ниет білдірушілер үшін оқыту жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 79,5 мың адам қабылданды, оның ішінде 9-сынып базасында - 57 577 адам, 11-сынып базасында – 21 937 адам», - деді министр.

Аз қамтылған отбасылардан шыққандардың саны – 26307 адам (33%), көп балалы отбасылардан - 12386 адам (16%), жетім балалар - 1562 адам            (2 %).

Министр айтқандай,  оқыту Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады, онда техникалық және кәсіптік білімі (бұдан әрі – ТжКБ) бар кадрларды даярлау қарастырылған.

«Бағдарлама шеңберінде қатысушылар санаттары анықталған: оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеген 9-11-сынып бітірушілері, өмірде қиын жағдайға тап болғандар және аз қамтылған отбасы мүшелері, сондай-ақ жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан     29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар», - деді ол.

Бағдарламаның қатысушылары стипендиямен, бір реттік ыстық тамақпен, жол жүру шығындарымен қамтамасыз етіледі.

«Қазіргі кезде Бағдарлама шеңберінде оқуға 21,3  мың адам, оның ішінде 9-сынып базасында 15 463 адам, 11-сынып базасында 5 838 адам қабылданды. Аз қамтылған отбасылардан шыққандардың саны – 7840 адам (37%), көп балалы отбасылардан – 5755 адам (27%), жетім балалар – 589 адам (2,8 %), өткен жылдары мектеп бітіргендер – 1541 адам (7,2 %)  басқа санаттағы – 5575 адам (26%). Бұдан бөлек, Бағдарлама шеңберінде оқыту қысқа мерзімді курстар бойынша жүзеге асырылады. Осы жылға қабылдау жоспары                     71 мың адам. Бүгінгі таңда қысқа мерзімді оқытуға 61 мың адам жіберілді. Өткен оқу жылымен салыстырғанда ТжКБ кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі - 24,8 мың орынға ұлғайды (2016-2017 оқу жылы – 76 мың адам)», - деді ол.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде РБ есебінен 2017 жылға 2017 –   4,4 млрд. теңге, 2018 жылға – 17,2 млрд. теңге, 2019 жылға – 19,2 млрд. теңге. көзделген.

Қайрат Жандыбаев 

Барлық жаңалықтар