- Басты
- Жаңалықтар
- Латын әліпбиінің қазақ нұсқасына өзгертулер жасалуы мүмкін
Латын әліпбиінің қазақ нұсқасына өзгертулер жасалуы мүмкін
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиінің кириллицадан латын әліпбиіне көшуі туралы жарлыққа қол қойған болатын. Елбасы латын қарпіне көшу күрделі үдеріс екенін, сондай-ақ оның мақсаты тілімізді дамыту және оны әлемдік ақпараттық кеңістікке шығару үшін жағдай жасау екенін атап өтті.
«Ең алдымен Елбасымыз айтқандай «Ұлттық кодымызды» сақтау үшін және шетелде тұрып жатқан қандастарымызбен қарым-қатынасымызды жақсарту жолында маңызды шешім. Екіншіден, интернеттің кеңінен қолданылуы, халықаралық деңгейдегі сапа, талап тұрғысынан алғанда латын әліпбиі жаңа технологияларға жол ашары анық»-дейді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл, Геннадий Шиповских, ардагер журналист Сүлеймен Мәмет және басқа да іс-шараға қатысушылар талқылау барысында өз ойларын білдіріп, қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшуінің маңызды үдеріс екеніне ерекше тоқталды.
«Латын графикасына көшу тарихи оқиға және мемлекеттік бәсекеге қабілетін арттыру, сонымен қатар ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызы зор. Елбасы жарлыққа қол қойып, латын әліпбиіне ауысуымызды заңды түрде бекітіп берді. Бірақ бұл қазақ тілінің латын әліпбиіндегі соңғы нұсқа толық қабылданды дегенді білдірмейді. Алдағы уақытта өзгертулер болуы мүмкін» - деді жаңа әліпби авторларының бірі Ш.Шаяхметов атындағы Республикалық үйлестіру-әдістемелік тіл дамыту орталығының директоры Ербол Тлешов.
Жиында Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев дөңгелек үстелде айтылған ойдың барлығы Ұлттық комиссияның назарына ұсынылатынын жеткізді.
«Алдағы кезең ұсынылған нұсқаға қазақ тілінің табиғаты мен заңдылықтары тұрғысынан, орфографиялық, орфоэпиялық ережелеріне икемділігі жағынан талдау, талқылау жүргізілетін кезең болмақ және бүгінгі түскен пікірлер мен ұсыныстар Ұлттық комиссияға жолданатын болады»- деді Азат Шәуеев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар