• Басты
  • Қазақстан теміржолшылары жыл басынан бері 6 миллион тонна астық тасымалдады
7 Қараша, 2017 14:59

Қазақстан теміржолшылары жыл басынан бері 6 миллион тонна астық тасымалдады

Қазақстан теміржолшылары жыл басынан бері 6 миллион тонна астық тасымалдады, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Қазақстан теміржолшылары жыл басынан бері 6 миллион тонна астық тасымалдады | Strategy2050.kz

Жаңа астық өнімдері теміржолдағы ішкі және сыртқы тасымалдың өсуіне ықпал етті. Биылғы он айда 6,3 миллион тонна астық тиелді. Қазақстан теміржол желілерінде қазан айында 1,2 миллион тонна жаңа астық пен ұн өнімдері тиелді.

Атап өтерлігі, ағымдағы жылы экспорттық тасымалдың географиялық аясы жаңадан итальялық нарықтың ашылуына сәйкес кеңейген. Бұл бағдарға 200 мың тонна астық жөнелтілді. Қазіргі таңда экпорттық бағдардың көрсеткіші арта түскен.  2016 жылмен салыстырғанда Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан Түркия, Индияға астық  тиеу көлемі артқан. Ауғанстан мен Қытайға ұн тиеу көлемі өскен.

Ұлттық тасымалдаушының негізгі міндетінің бірі агроөнеркәсіп саласы еңбеккерлерінің өнімдерін тоқтаусыз тасымалдауды қамтамасыз ету болып табылады.

«Қазіргі жүк көлемінің артуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы жүк жөнелтушілердің тапсырысымен астық тасымалдауды уақытында атқару үшін барлық шараларды қолдануда. Тапсырыс күннен күнге өсе түсуде. Біз жүк жөнелтушілерді ұлттық тасымалдаушымен ұзақмерзімдік серіктестік орнатуға шақырамыз. Мұның маңыздысы жоспарлау тиімділігі және тасымалдау үдерісінің нормативтерін белгілеу арқылы тұрақты тасымалдауды қамтамасыз ете аламыз»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ департаментінің директоры Айдар Исақов.

Жылма жыл астық пен ұн өнімдерін тасымалдауды тұрақты үйлестіріп отыру мақсатында жүк жөнелтушілер, жергілікті атқарушы органдар, теміржолшылар, вагондардың жеке операторларының бірлескен штабы  қызмет етеді.

Ақмола және Қостанай жол бөлімшелерінде астық пен ұн тасымалдауды ұйымдастыруды жедел жұмыс тобы штабы тәулік бойы атқарады. Жүк жөнелтушілердің тапсырыстарына орай, астық тасымалдау жоспарын жасақтап, оны тәулік ішінде орындап, астық вагондармен тиісті мөлшерде қамтамасыз етуді бақылау қатаң жүзеге асырылады.

Қазақстандық астық өндірушілердің өнімін тасымалдауға 6289 «АстықТранс» АҚ астық вагондары тартылған. Оның сыртында 2 мың астық вагондары мен мың жабық вагондар жекеменшік иелерінің қолында. Оған қосымша, «Русагротранс» АҚ-ның 400 астық вагоны тартылған. Оның сыртында, Орта Азия, Украина, Балтық жағалауы елдері теміржол әкімшіліктерінің паркі тартылды.

Қазақстан қазан айында астық тасымалына 9 мыңға жуық вагон тартып, тасымалдау үдерісіне қатысатын барлық компаниялардың жұмысын үйлестіріп отырған жағдайда бір миллион тонна астық тасымалдауға болатын еді.

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды