- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстауда археология саласын дамытудағы жаңа бағыттар талқыланды
Маңғыстауда археология саласын дамытудағы жаңа бағыттар талқыланды
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, облыс әкімі Ералы Тоғжанов төрағалық еткен жиынға Астана, Алматы қаласынан арнайы келген Сәдуақас Ағытаев, Дмитрий Воякин, Зейнолла Самашев, Ислам Жеменей, Ақан Оңғарұлы сияқты архелог, тарихшылар қатысты.
Кеңестің мақсаты – тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселерін шешуге белсенді ықпал ету. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми маңызды деңгейін көтеру.
Археология мен этнография, тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеудің ғылыми логикалық жүйесін анықтау. Ұйымдастырушылардың айтуынша кеңес 2007 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі басқосуда облыс аумағындағы тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен қорғау саласындағы атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, олардың сақталуы бойынша алдағы міндеттерін айқындады. Сонымен қатар, зерттелген дүниелерді насихаттаудың өзекті мәселесі талқыланды.
2007 жылы іргесі қаланған Кеңестің құрамына тарих және археология, этнография, сәулет, қала құрылыс мәселелерін білетін білім мен біліктілікке ие ғалым, сәулетші, мәдениет және өнер өкілдері кіреді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы өз жолдауында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, тарихымыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген болатын.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер