Мемлекеттік басқару академиясы тәжірибе алмасуда

7 Қараша, 2017 09:14
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының делегациясы «Мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау негізіндегі мемлекеттік кадрлық саясат: шетелдік машық пен Өзбекстан тәжірибесі» халықаралық конференциясына қатысты.

«Жаһандану жағдайында әлеуеттік  зияткерлігі   жоғары кадрларды іріктеу басқару жүйесіне  техникалық  және технологиялық жаңарту бағдарламаларын енгізуді қажет етеді. Мемлекеттік  қызметкерлерді дайындау, мемлекет басшыларының әзірлеген бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелеріне аса көңіл бөлу керек», - деді Академия ректоры Фатима Жақыпова  конференцияның жалпы сессиясында.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет пен Өзбекстан Республикасының мемлекеттік кадр саясатын жетілдіруді халықаралық тәжірибе есебінен жүзеге асыру бойынша  ұсыныстар қабылданды.

Барлық жаңалықтар