- Басты
- Жаңалықтар
- Шортанды ауданында бизнес және ауыл шаруашылығы құрылымдарының форумы өтті
Шортанды ауданында бизнес және ауыл шаруашылығы құрылымдарының форумы өтті
Шортанды ауданының Андреевка селосында аудан әкімі Г.Сәдуақасованың, ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар басшыларының, сондай-ақ, кең жұртшылық пен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау аясында «Ауылым – алтын бесігім» атты бизнес құрылымдардың және ауданның ауыл шаруашылық құрылым басшыларының 1-ші Форумы өтті.
Форум барысында Андреевка елді-мекенінің өндірістік және әлеуметтік-мәдени объектілеріне барып, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының және жеке кәсіпкерлер басшыларының қатарынан спикерлер сөз сөйледі.
«Ұрпақ парызы – ұлттық құндылықты жаңғырту», «Бараевский бренд – визитная карточка Шортандинского района», және «Отаным – менің тағдырым» білім беру жобасы. Сондай-ақ, аудан «Атамекен» бағдарламасын іске асыруға қатысады. Аудандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі осыған мысал ретінде іске асады. Осылайша, мемлекеттік жеке меншік серіктестігінің шеңберінде «Новокубанское» ЖШС директоры Ш.Джакуташвили Новокубанка селолық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмысын жасап шығарды, «Нұр Астық» ЖШС директоры Б.Наурызбаев Мықтыкөл мектебінің ғимаратын жаңартты, ал «Пригородный» ЖШС-ның басшысы Е.Бекишев Пригородное селосында бос уақыт үйінің ғимаратын жаңартса, В.Абермиттің басшылығындағы «Нива» ЖШС Андреевка елінде әлеуметтік объектілерді қолдау және көркейту үшін 1000-нан аса көшет отырғызды. Бұл кіші Отанның игілігі үшін істелген игі істердің толық тізімі емес.
Көзделген жобаларды іске асыруда шортандылықтардың рухани бірлігі болуы тиіс. Жалпы алғанда, елорда маңында орналасқан аудан болғандықтан ауылдар мен елді-мекендерінің кеңейуіне мүмкіндіктері бары анық.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы