- Басты
- Жаңалықтар
- Әлемдік жастар форумында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндірілді
Әлемдік жастар форумында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндірілді
А. Нүкенов аталған форумға шақырғаны үшін Мысыр Президенті Абдель Фаттах Ас-Сисиге алғысын білдіріп, шараның айрықша маңызға ие екендігін атап өтті.
«Мәдениет және өркениеттер арасындағы айырмашылықтар: қақтығыс немесе интеграция?» тақырыбында өткен панельдік пікір алмасуда Абзал Нүкенов елімізде жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өзектілігіне тоқталды.
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, А.Нүкенов Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары туралы баяндап, Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісімді дамытуға қосқан тәжірибесін атап көрсетті.
«Жастарды тәрбиелеудің басты бағыттарының бірі жастар туризмін дамыту болып табылады. Әлемді, оның тарихи жерлерін және ескерткіштерін тану арқылы жастар өз білімдерін байытады, көзқарастарын кеңейтеді, жаңа достар табады. «Студент жастардың мәдени керуені» атты жыл сайынғы жастар жобасын жүзеге асыруды ұсынамыз. Ол мәдени жанасуды іске асырудың үздік тетіктерінің бірі бола алады», - деп атап өтті А. Нүкенов.
Сондай-ақ, вице-министр аталған салада өзекті мәселелер бойынша тұрақты онлайн-кеңестерді ұйымдастыру арқылы бірлескен жұмысты күшейтуді ұсынды.
Бүкіләлемдік жастар форумына Мысыр Араб Республикасының Президенті Абдель Фаттах Ас-Сиси, Иордания елінің ханзадасы Хассан бин Талал және Ливан елінің Премьер-Министрі Саад Харири және т.б қонақтар қатысуда.
Бүкіләлемдік жастар форумының шеңберінде «Жастардың жаһандық мәселелері», «Тұрақты даму, технологиялар, кәсіпкерлік және гуманитарлық мәселелер», «Өркениеттер және мәдениет», «Болашақ көшбасшыларды қалыптастыру» тақырыптарында түрлі панельдік пікірталас алаңдары ұйымдастырылады.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер