- Басты
- Жаңалықтар
- Емханалар мен ауруханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша әзірленді
Емханалар мен ауруханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша әзірленді
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ауруханалар мен емханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша әзірлеп шықты. «МСҚ: Халықтық бақылау» деп аталатын қосымшаны 6 қарашасынан бастап жүктеп алуға болады.
Медициналық қызметтерді пайдаланушылар осы қосымшаның көмегімен МСҚ дерекқорына енген барлық емдеу ұйымдары туралы пікір білдіріп, шағым жаза алады. Болашақта осы тілек-шағымдар негізінде клиникалардың рейтингі жасалуы тиіс. Бұл азаматтардың ең үздік деген клиникалар мен емханаларды таңдауына мүмкіндік бермек.
Қосымша бірден бірнеше мәселені шешіп береді. Біріншіден, азаматтармен жедел түрде кері байланыс орнатудың тағы бір каналы ашылады. Бұл емделушілер үшін клиника таңдау мәселесін едәуір жеңілдетері сөзсіз. Екіншіден, Қор серіктес-ұйымдардағы қызмет көрсету сапасы мен пациенттердің қанағаттану деңгейі жайлы қосымша мәлімет алып отырады.
«Денсаулық сақтау нысандарының рейтинг пайдаланушылар қойған баға негізінде, автоматты түрде жасалады. Содан соң МСҚ-ның fms.kz сайтында жарияланып отырады. «Мобильді қосымшаны телефонына орнатып алған азаматтар бұл рейтингті емханаға тіркелгенде немесе сала мамандарын таңдаған кезде пайдалана алады. Түптеп келгенде, мұның бәрі медицина ұйымдарын қызмет сапасын көтеруге ынталандырады деген үмітіміз бар», - дейді З.Оразалиева.
Қор өкілдерінің айтуынша, пациенттер осы қосымша арқылы емханаар мен стационарлар қызметін әртүрлі өлшемдер бойынша бағалауға мүмкіндік алады. Олардың қатарында қабылдауға кеткен уақыт, сервистің деңгейі, дәрігер берген ем-домның дұрыстығы, түсініктілігі, қызмет көрсетуге жасалған жағдайлар сынды өлшемдер бар. Оған қоса, емделушілер өз пікірін еркін түрде жазып қалдыра алады. Қор алдағы уақытта бұл пікірлерді міндетті трде ескеріп отырмақ.
«Қосымшаны пайдалану үшін алдымен ЖСН енгізіп, авторизация жасау қажет. Болашақта біз оны жаңа функциялармен және сервис түрлерімен толықтыруды жоспарлап отырмыз. Қосымшаны сынақтан өткізіп, ұсыныстар мен тілектеріңізді жолдаңыздар. Біз азаматтардың пікірлерін ескеруге дайынбыз», - дейді Қордың IT стратегия және тәуекелдерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Абай Дүйсенев.
«Халықтық бақылау» қосымшасын Android платформасына негізделген смартфондарға Playmarket арқылы, ал, iOS платформасы үшін AppStore арқылы жүктеп алуға болады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді