- Басты
- Жаңалықтар
- Зейнетақы көлемінің мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға көбейген
Зейнетақы көлемінің мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға көбейген
Алдағы жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ынтымақты зейнетақы көлемі (еңбекті) 8 %-ға, базалық зейнетақы және басқа да жәрдемақы түрлерінің көлемі 6 %-ға өседі.
«Сонымен бірге, базалық зейнетақыны тағайындаудың әдіс-тәсілдері де өзгереді. 2018 жылдың 1-шілдесінен бастап еңбек өтіліне қарай есептеліп бөлінетін болады. Яғни жинақтаушы зейнетақы қорындағы жиналған зейнетақы жарнасын ескере отырып, жалпы еңбек өтілі есепке алынады», - деді вице-министр.
Вице-министрдің айтуынша, әр жылы жинақталған зейнетақы төлемдері инфляция деңгейінен 2 % артығымен төленіп отырады. Өткен жылы инфляция деңгейі 7% болса, зейнетақы көлемінің индексациясы 9 %-бен есептелген.
Жаңа өзгерістер бойынша қоғамда «қанша көп еңбек етсең, сонша көп зейнетақы аласың» деген ұғым қалыптасады. Нәтижесінде зейнеткерлікке шыққан адам мемлекеттен әлеуметтік көмек алмай-ақ, демеушілер мен меценаттардың қайырымдылық қаржыларына мұқтаж болмай-ақ, өмір сүретін болады, дейді спикер.
Есбол Социалхан
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары