• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ғалымдар жылусорап жүйесінің көмегімен зиянды шығарындылар көлемін азайтуды ұсынып отыр

Ғалымдар жылусорап жүйесінің көмегімен зиянды шығарындылар көлемін азайтуды ұсынып отыр

6 Қараша, 2017 14:14
Қазақстанда дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану арқылы жылусорап технологияларымен зиянды заттар шығарындыларын азайту ұсынылуда. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз оратылығында «Энергоүнемдеу және энерготиімділік технологиясы» ҒЗИ директоры Алтай Әлімғазин хабарлады.

«Біз ЭКСПО-да ұсынған технологиялар – бұл дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану арқылы жылусорап технологиясын пайдалану болып табылады. Әлем бойынша бұл мәселе өте маңызды. Ол көмірқышқыл газын шығаруды төмендетумен байланысты. Қазақстанда шамамен 37 жылу электрстанциясы, бірнеше ГРЭС, 3 мұнайөңдеу зауыты, түрлі түсті металлургия зауыты бар, олардың барлығы ауаға зиянды заттарды шығарумен тығыз байланысты», -деді А.Әлімғазин.

Алтай Алимгазин атап өткендей, ғылыми институт зиянды зат шығындысын жылу сорапы арқылы төмендетуді ұсынып отыр.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар