- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңаөзенде «Нұр-Капитал» жобасы іске қосылды
Жаңаөзенде «Нұр-Капитал» жобасы іске қосылды
Бағдарламаны қаржыландыру «Даму» Қорының және «Өзенмұнайгаз» АҚ жер қойнауын пайдалану келісім-шарты аясында жергілікті атқарушы органға беретін қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын болады. Қаржыландыру көлемі: бағдарлама бойынша жалпы сомасы – 1 млд. 50 млн. тенгені, оның ішінде: «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 350 млн. теңге, «Даму» Қорының қаржысы - 700 млн. теңге.
«Орта және шағын бизнеспен айналысамын деген әрбір азаматқа толықтай мүмкіндік жасалынып отыр. Үш жақтың қатысуы арқылы жүзеге асатын бағдарламаны бастауға әзірміз. «Өзенмұнайгаздан» алынатын ақшаның 350 млн. теңгесін «Даму» қорына қайтарымды негіздегі несие ретінде беріледі. Өз кезегінде «Даму» қоры екі еседен көп қаражат бөледі. Нәтижесінде барлығы 1 млд. 50 млн. тенгені жергілікті кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыруға жұмсаймыз. Қысқасы, бұл жерде ешқандай жергілікті бюджеттің қаражаты жұмсалмайды» – деді, Ералы Тоғжанов.
Сондай-ақ ол, Жаңаөзен қаласы моноқала болғандықтан, өндіріс және қызмет көрсету салаларында жаңа нысандарды ашуды қаржыландыру арқылы, қала экономикасын әртараптандыру қажет. Жаңаөзен арқылы облыстың түрлі көрікті жерлеріне апаратын туристік бағыттар өтеді («Кендірлі» демалыс аймағы, табиғи көрікті жерлер, діни ғибадат орындары), соған байланысты сервисті жетілдіру және жаңа қызмет көрсету нысандарын құру қажет. Бағдарламаның жүзеге асыру қажеттілігі де осы екенін ерекше атап өтті.
«Бағдарламаның негізгі талаптарының бірі, тек қана жаңа тұрақты жұмыс орындарын құратын инвестициалық мақсаттаға жобалар қаржыландырылатын болады. Ең маңыздысы қаражат «Өзенмұнайгаздан» «Даму» қорына тікелей аударылады. Сол себепті несие бойынша пайыздық мөлшерлеме «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында субсидияланатын болады. Егер соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі – 11 пайыз болса, оның 10 пайызы субсидияланатын болса, ал қалған 1 пайызын ғана кәсіпкер төлейді. Сонымен қатар, егер қарыз алушының кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, оған «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында «Даму» Қорының кепілдемесі берілетін болады, - деді «Даму» қорының МОФ директоры Берік Нұрғалиев.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым шағын және орта бизнестің дамуы кез келген елдің экономикасының негізі екенін айтып келеді.
Шағын және орта кәсіпкерлік ел экономикасының негізгі тірегі екенін ескерсек, алып өндірістің де, шағын өндірістің де жұмысын алға жетелейтін ең тиімді жол – билік пен бизнестің арасындағы арақатынастың үзілмеуінде жатыр.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді