Б. Сұлтанов: Тексерістің саны азайғанына қарамастан тиімділікте артты

6 Қараша, 2017 12:09
Жалпы, негізссіз тексерістер санын шектеу мақсатында аудит нысандар тізімі жасақталды. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Парламенті Мәжілісіндегі үкімет сағатында хабарлады.

«Осы саладағы әдіснамалық негіз қамтамасыз етілді. Есеп комитеті - 21 және Қаржы министрлігі - 15 Заңға тәуелді актілерді уақтылы әзірлеп бекітті. Осы жаңа әдіснама бойынша Дүниежүзілік банктің қолдауымен 230 мемлекеттік аудиторлар оқытылды. Екіншіден. Шексіз тексерулерді болғызбау мақсатында аудит объектілерінің тізбелері Есеп комитетімен, тексеру комиссиялары мен және ішкі мемлекеттік аудит комитетімен өзара келісу арқылы дайындалды», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов хабарлағандай, «барлық аудиторлық тексерулер нақты мәселеге бағытталып тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жоспарланды.

«Осылайша, 2016 жылы Ішкі қаржылық аудит комитетінің жоспарлы тексерулер саны 10 есеге, ал 2017 жылы 18 есеге азайтылды (2015 жылы – 3268 тексеріс, 2016 жылы – 313, 2017 жылы – 183). Сонымен қатар, тексерулерге шектеу қойылатындықтан соңғы екі жылдары біз бекіткен жоспарлы тізбесін кеңейтпеуге тырыстық. Жоспарлы тексерістердің саны аз болғанымен, олардың нәтижелілігі жоғарылады. Осы жылдың 9 айлық көрсеткіштеріне сәйкес тексерілген 1,4 трлн.теңгенің 40% бойынша бұзушылықтар анықталған. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 30% құраған», - деді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің мәліметі бойынша, осы кемшіліктер рәсімдік емес, олардың 43% қаржылық сәйкессіздіктер. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдарға қарағанда 2 есеге артты.

"Мемлекеттік аудит жүргізудің тәсілдерін оңтайландыру, ретсіз тексерулерді болғызбау және мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды қамтамасыз ету үшін бірыңғай дерекқор жұмыс істей бастады.

«Бүгінгі күні бірыңғай дерекқорға енгізу үшін 6739 аудиторлық құжаттар жіберілген. Оның ішінде Ішкі мемлекеттік аудит комитеті бойынша 6198, ал мемлекеттік органдардың Ішкі аудит қызметтері бойынша – 541 аудиторлық ақпарат енгізілген.

Бұзушылықтарды алдын ала анықтау, оларға жол бермеу және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту үшін ақпараттық жүйелер деректері негізінде мемлекеттік аудит объектісіне бармай ішкі мемлекеттік аудит комитетімен және оның аумақтық бөлімшелерімен камералдық бақылау жүзеге асырылды», - деді ведомство басшысы.

Жалпы, бұзушылықтарды алдын ала анықтау, оларға жол бермеу және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту үшін ақпараттық жүйелер деректері негізінде мемлекеттік аудит объектісіне бармай ішкі мемлекеттік аудит комитетімен және оның аумақтық бөлімшелерімен камералдық бақылау жүзеге асырылды.

«Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес мемлекеттік органның басшысына тиімді басқаруды және тиімділікті арттыру үшін объективті ақпаратты ұсыну мақсатында ішкі аудит қызметтері 24 орталық мемлекеттік органдарында және 16 жергілікті атқарушы органдардың барлығында құрылды. Біз ішкі аудит органдары қызметінің жаңа нормалары арқасында дәл тексерулер мен ақпараттық жүйелерді пайдалануға бағдарланғанын көріп отырмыз. Бұл ретте, аудит нәтижелері жақсы анықтаудың мысалын және алдын алу сипатын көрсетіп отыр», - деді министр.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар