- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстанның 100 жаңа есімі» финалистеріне 200 мыңнан астам дауыс берілген
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» финалистеріне 200 мыңнан астам дауыс берілген
Аталмыш акция екінші рет ұйымдастырылып отыр. Өткен аптада да El.kz командасы Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ақтық кезеңінің қатысушылары үшін дауыс жинау мақсатында офлайн-акция ұйымдастырған болатын. Дауыс берудің жылжымалы пунктінде 150 адам дауыс берсе, осы аптада 200-ге жуық астаналықтар лайық деп тапқан кандидаттарға өз дауыстарын берді.
«Дауыс берудің аяқталуына санаулы күндер қалғандықтан, мүмкіндігінше белсенділік танытуға күш жұмсаудамыз. Өткен аптадағы акцияның нәтиежесі халық арасында жоба туралы ақпараттың кеңінен таралуына ықпал етті. Дауыс беруге келген адамдар тізім арасынан өз жерлестерінің есімін көргендіктен дауыс беруге ынталы екендіктерін айтып жатады. Біздің мақсатымыз - жоба туралы, жобаның беделі туралы кең ақпарат таратып, халықты құлақтандыру», - дейді EL.KZ интернет-обасының бас редакторы Бэлла Орынбетова.
Айта кетейік, осы жылы 18 қазанда www.100esim.el.kz сайтында жобаға қатысушы финалистерге дауыс беру басталғанын естеріңізге саламыз. Барлық үміткерлер қызмет саласына қарай 6 категорияға орналастырылды. Олар: ғылым, спорт, медицина, қоғам, бизнес және мәдениет. Қазір финалистерге берілген дауыс саны 211 241. Осы уақытқа дейін 92 798 адам дауыс берген. Онлайн дауыс беру 10 қарашада аяқталады: Дауыс берудің нәтижесі “Қазақстанның 100 жаңа есімін” анықтайды.
Қазақстан Республикасының Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «100 жаңа есім» жобасын жасауды ұсынды. Бұл жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты