• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысында ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында 240 үй жөндеуден өтті

Қарағанды облысында ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында 240 үй жөндеуден өтті

6 Қараша, 2017 10:13
Қарағанды облысында 240-тан астам көпқабатты үйлер 2011-2017 жылдар аралығында ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өтті.

Облыс  әкімдігінің  баспасөз қызметі хабарлағандай,  биылғы жылы аймағымызда осы бағдарлама бойынша 18 тұрғын үй жөнделіп, 8 лифт орнатылды. 

 Бағдарламаға қатысамын деп ниет білдірушілер өздері мердігерлерді таңдайды.

Естеріңізге сала кетейік, ТКШ жаңғырту бағдарламасы 2011-ші жылы Президент  Жарлығы бойынша бастау алған болатын. Ол ортақ кондоминимум мүлігін жөндеуге пайызсыз несие алуға мүмкіндік береді. Несиені 15 жыл аралығында өтеуге болады.

Барлық жаңалықтар