- Басты
- Жаңалықтар
- Сарыағаш ауданында электр станцияның іргетасы қаланды
Сарыағаш ауданында электр станцияның іргетасы қаланды
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құрылыстың салтанатты ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев, аудандық маслихат хатшысы Жәнібек Сүлейменов, «ЕкоПроТех-Астана» ЖШС директоры Назиржон Темиров және Жылға ауылының бір топ тұрғындары қатысты.
Жалпы құны 14 млрд. теңгені құрайтын жобаны іске асыруды «EcoProTech-Astana» ЖШС қолға алып отыр. Құрылыс жұмыстарының жалпы жер аумағы 41 гектарды құрайды.
Айта кетейік, «EcoProTech-Astana» ЖШС құрылтайшысы германиялық «DAY ENERGY GmbH» компаниясы. Аталған мекеме энергияны жаңарту саласындағы жобаларды дамыту мен фотовольттық панельді және су энергиясын өндіруге негізделген. Күн сәулесінен өндірілген электр энергиясын теміржол саласына қолдану жобасы әлемде алғаш рет қолға алынып отыр.
Қазіргі таңда «EcoProTech-Astana» ЖШС-гі мемлекеттік сараптама қортындысын алып, жобаны қаржыландыру үшін банктермен келісім-шарт жасасып жатыр. Сондай-ақ, олар жобаға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп беретін компаниялармен келісім жасасып, алғашқы қаржыларын аударып та қойған.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
БҒМ: Электронды ҰБТ және мұғалімдерді вакцинациялау мәселелері -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады