Қырғыз тасымалдаушыларының заңнаманы елемеу фактілері көбейді

4 Қараша, 2017 10:32
Соңғы уақытта Қазақстан Республикасының заңнамаларын қырғыз тасымалдаушыларының қадағаламау фактілері көбейді, деп хабарлады ИДМ.

10  қазан мен 4   қараша  аралығында Қырғыз Республикасына тиесілі 3949 тексерілген көліктің ішінде 431-і қатаң бұзушылықтарға жол берген. Атап айтсақ, жүк көлемін қадағаламау – 81, каботаждық опрациялар үшін -11, қазақстандық рұқсат беру қағазының болмауы-13,  үшінші елдерден енген жүкке қазақстандық рұқсаттың болмауы -1 және өзге бұзушылықтар – 325-ті құрады.

Жоғарыда айтылған ережерлерді бұзғаны үшін 13 млн 413 мың теңге әкімшілік айыппұл есептелді.

Аталмыш ақпарат Қырғыз Республикасына берілді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар