Қазақстан Президенті Сауд Арабиясының энергетика министрімен кездесті

3 Қараша, 2017 17:46
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика, өнеркәсіп және табиғи ресурстар министрі Халид әл-Фалихпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Қазақстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтіп, оны әрі қарай дамытудың маңызды екенін айтты.

« Біз үшін Сауд Арабиясымен қарым-қатынастың мәні зор. Биыл мен Эр-Риядқа сапармен бардым», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

Халид әл-Фалих жеке кездесуге және энергетика саласындағы қазіргі екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдірді.

 

Барлық жаңалықтар