- Басты
- Жаңалықтар
- Еңбек министрлігі халықтың қоныс аударуына байланысты жұмыс берушілерге субсидия ұсынып отыр
Еңбек министрлігі халықтың қоныс аударуына байланысты жұмыс берушілерге субсидия ұсынып отыр
Біржан Нұрымбетов айтып өткендей, «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңның әрекеттегі нормаларында қоныс аударуды қолдауды ынталандыру шаралары бар.
«Заңда халыққа субсидиялар қарастырылған. Демек, субсидиялар көшу мен жүкті тасымалдауға отбасындағы жан басына шаққандағы сома 35 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Бұл 79 415 теңге. Бұдан өзге, біз алғашқы 12 ай бойынша баспананы жалға алу шығынын орнына келтіреміз. Бұл жерде 20 АЕК-ден 35 АЕК-ге дейін, демек бұл 34 000 теңгеден 68 000 теңгеге дейін деген сөз», - деді вице-министр.
Министрлік халық көп шоғырланған аймақтардан аз шоғырланған аймақтарға еркін көшуді ынталандыру бойынша жаңа қосымша шараларды ұсынып отыр. Аталмыш шаралар жұмыс берушілердің өздеріне қатысты болып отыр.
«Жұмыс берушілерге келетін болсақ, әрекеттегі нормада субсидиялар жұмыс берушілер пәтер мәселесін шешпесе ғана берілетіні көрсетілген. Жұмыс берушілерге ауыртпалық түсе ме? Бұл жағдайда жұмыс берушілер шығынды өздері көтерсе, мемлекет қоныс аударған адамдарға екінші мәрте төлемейді. Жақында біз алдағы бес жылға арналған көші-қон саясаты туралы тұжырымдаманы қабылдадық»,- деді Б.Нұрымбетов.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі