- Басты
- Жаңалықтар
- Алтын құймалар айырбастау пункттерінде сатылады – Әмірбек Санкубаев (ВИДЕО)
Алтын құймалар айырбастау пункттерінде сатылады – Әмірбек Санкубаев (ВИДЕО)
Нарық заманында халық арасында ертеңгі күніне қор жинақтап, болашағыңды алдын ала ойластыру қалыпты жағдай. Бірі баспана сатып алу үшін депозитке ақша жинақтаса, енді бірі көлік сатып алу, баласының оқуының ақысын төлеу немесе шетелде демалу үшін қаржысын жинақтайды. Біздің ел де ертеңгі күнге деген қорын не ұлттық валютада немесе шетелдік ақшамен жинайды. Биыл ҚР Ұлттық банкі Халық үшін тазартылған алтынның өлшеулі құймаларын сату және сатып алу бағдарламасын іске қосты. «Strategy2050.kz»AA тілшісі биыл ғана енгізілген жаңалықтың жұмысы, одан күтетін нәтижелер жайлы ҚР Ұлттық банкі орталық филиалының директоры Әмірбек Санкубаевпен сұхбаттасқан еді.
Ұлттық банк саудаға шығарған алтынды 10, 20, 50 және 100 граммдық құймалар ретінде, төрт түрде ұсынып отыр. Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен жабдықталған және оның механикалық бүлінуінен қорғауға мүмкіндік беретін арнайы қаптамасы бар. Бұл алтын құймалары екінші деңгейдегі банктер арқылы саудаланады. Жалпы, бағдарламаның бастапқы кезеңінде құймаларды Астана, Алматы, Өскемен және Атырау қалаларында ғана сатып алуға және сатуға болатын. Бүгінде бұл мүмкіндік еліміздің барлық аймақтарында бірдей қарастырылған. Жалпы, алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы клиентке «күнбе күн» ақша төлей отырып оларды екінші деңгейдегі банктердің кері сатып алу мүмкіндігі болып табылады.
LBMA (Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығының) биыл 31 қазанда жариялаған мәліметтеріне жүгінетін болсақ қыркүйек айында алтынның орташа бағасы 1 унциясы - 1,315 долл құрады, өткен аймен салыстырғанда өсім 2,5% көрсетті. Бұл ретте, унцияның орташа көлемі 22,1 млн асып жығылды, осылайша өткен аймен салыстырғанда белсенділік 19,3%-ға артты. Сонымен, жоғары сынамадағы алтынның өз құнын ешқашан жоғалтпайтынын ескерсек қаржы салымының бұл түрін тиімді деп бағалауға болады. Оны ҚР Ұлттық банкі қана емес, осы саладағы өзге де мамандар растап отыр.
Алтын құймаларын қайта сатуға болатынын ескеретін болсақ оны қаптамасынан алмаған жөн. Әрине, мүлік өзіңіздікі болғандықтан ерік те өзіңізде. Алайда егер оны тиімді қаржы салымы ретінде қарастыра отырып, болашақта қайтадан сатып жібергіңіз келсе, қаптамасымен бірге сақтаған жөн. Қаптама оны түрлі механикалық бүлінуден сақтап қана қоймайды, ол оның таза өнім екенін растайтын сертификаты болып табылады. Жалпы, алтын құймаларын сақтайтын қатып қалған қағида жоқ, бастысы қалыпты ауа температурасында, әрі өзінің қаптамасында болса болғаны.
Айта кетейік, Ұлттық банк саудаға шығарған алтын құймалардың бет жағының жоғарғы бөлігінде - бұғының сұлбасы, «Қазақстан», «Казахстан» деген жазбалар бар. Ал, құйманың ортасында «АЛТЫН» жəне «ЗОЛОТО» жазбалары орналасса, жоғарғы бөлігінде салмағы жəне төменгі бөлігінде металдың тазалығын білдіретін 999,9 саны бейнеленген. Төменгі бөлігінде болса Қазақстан теңге сарайының логотипі жəне құйма нөмірі орналасқан. Сонымен қатар, құймалардың сырт жағының жоғарғы бөлігінде - Ұлттық Банктің логотипі, ортасында - қанатты барыстың стильдендірілген сұлбасы бейнеленген.
Ұлттық банктың мәліметі бойынша, 2017 жылдың 2 қарашасында алтынның 1 граммы - 13 753,62 теңгені құрады.
Мөлдір Асқарқызы
Видео: Азамат Әлиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады