Жамбыл облысының әкімі аудан шаруашылықтарының жұмысымен танысты

3 Қараша, 2017 20:43
Кәрім Көкірекбаев Т. Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барды.Өңір басшысы алдымен Ақыртөбе автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жобаның құны - 473 399 мың теңгені құрайтын станцияның тәуліктік қуаттылығы 35 м3/сағ. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталды.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Құмарық ауылындағы «Болтай батыр шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, жылу жүйесін тексерді. 620 орындық білім ордасы 1991 жылы пайдалануға берілген болатын. Оқу орнында 82 мұғалім жұмыс істейді.

Сондай-ақ өңір басшысы «Жастар болашағы» шаруа қожалығының мал бордақылау кешенінде болды. Жобаның құны 50 млн. теңгені құрайды. Бордақылау кешенінде 100 бас ірі қара мал бар және жоғары сапалы ет өндіріледі.

Бұдан басқа, аймақ басшысы бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, Құлан ауылында «Болашақ» сауда орталығында болды. Орталық 2015 жылғы желтоқсанда ашылып, қазіргі таңда 10 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген.
Өз кезегінде шаруа қожалықтың жұмысымен танысу барысында облыс әкіміне  «Сұлутөр» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі таныстырылды. Биыл құрылған кооперативтің негізгі қызметі - сүтті өңдеу. 5 млн теңгеге сүт жинағыш, салқындатқыш танкер орнатылған. Болашақта сүт өнімдерін өндіру цехын ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Кәрім Көкірекбаев Құлан ауылындағы «Нұрхат-Нұрзат» ЖШС-нің «Мөлдір» жекеменшік балабақшасына ат басын тіреді. 100 орындық балабақшада 17 педагог жұмыс істейді.

Облыс әкімі бастаған жұмыс сапары Абай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жұмыс барысымен танысуға ұласты. Ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға берілген амбулаторияда 2 күндізгі ауру емдеу төсегі орналастырылған. Типтік ғимараттың жылу жүйесі орталықтандырылған.

Айта кетерлігі, аудандық маңызы бар «Каменка-пионер лагерь» 12 шақырым автомобиль жолы құрылысымен танысқан облыс әкімі жол құрылысының халыққа қашанда маңызды екендігін айта келіп, оң бағасын берді. Жол құрылысының жалпы сметалық құны - 188 944 мың теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, Кәрім Көкірекбаев жұмыс сапарының қорытындысы бойынша актив жиынын өткізіп, аудан басшылығына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Барлық жаңалықтар