- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар ТМД ПАА тұрақты комиссияларының жұмысына қатысты
Сенаторлар ТМД ПАА тұрақты комиссияларының жұмысына қатысты
Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов мемлекет құрылысы және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі ТМД ПАА Тұрақты комиссиясының құрамында «Мемлекеттік азаматтық және муниципалдық қызмет туралы» және «Стратегиялық болжау және жоспарлау құжаттары туралы» үлгі заң жобаларын, сондай-ақ орнықты даму саласындағы құжаттарды талқылауға қатысты.
Депутат Сергей Плотников қатысатын Экономика және қаржы жөніндегі тұрақты комиссия отырысында ТМД мемлекеттерінің үлгі Салық кодексінің тұжырымдамасы қаралды.
Комиссия отырысына қатысушылар ТМД елдерінің жария-жеке әріптестігі саласындағы саясатына талдау жасап, «Инженерлік іс туралы», «Инжиниринг қызметі және инжиниринг туралы» және «Баға қалыптастыру туралы» үлгі заң жобаларының тұжырымдамаларымен танысты. ТМД ПАА Аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология жөніндегі Тұрақты комиссиясының отырысына Қазақстан Парламенті жоғарғы Палатасының атынан сенатор Аңсар Мұсаханов қатысты.
Депутаттар «Экологиялық зиян бағасы туралы» және «Экологиялық туризм туралы» үлгі заң жобаларының тұжырымдамасын, сондай-ақ Экологиялық қауіпсіздіктің ұлттық орталықтарын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар тұжырымдамасы мен Экологиялық саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар тұжырымдамасының жобаларын талқылады.
ТМД ПАА штаб-пәтерінде ТМД ПАА жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі сарапшылар кеңесінің отырысы, АҚТҚ/ЖҚТБжәне ТМД мемлекеттеріндегі көші-қон саласындағы заңнамасына шолу әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының, мемлекет құрылысы және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы заңнамалық актілер дайындау барысында пайдаланатын терминдерінен құралған Заң сөздігін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы болды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты