- Басты
- Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 120 отбасы баспанаға ие болды
Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 120 отбасы баспанаға ие болды

Облыс әкімдігі хабарлағандай, нысандар жергілікті атқарушы органдар бағыты бойынша салынған. Пәтерлердің 50%-ы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларының арасында бөлістірілді, ал қалған 50%-ы әкімдікте үй кезегінде тұрған адамдарға берілді.
Салтанатты іс-шараны облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ашып, қуаныш иелеріне көптен күткен пәтер кілтін табыстады.
«Елбасының тапсырмасымен елімізде «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Биыл біз бірқатар әлеуметтік нысындарды іске қостық. Мемлекеттік бағдарлама арқылы салынған үйлерді тұрғындардың игілігіне беріп отырмыз. Көп кешікпей «Әуежай» шағын ауданында тағы да жаңа пәтерлер өз иелеріне табысталады», - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, жоспар бойынша «Әуежай» мөлтек ауданында 41 үй салынуы керек, соның 16-сы қазір қолданысқа берілді, тағы 12 үйдің құрылысы аяқталуға жақын, ал жуырда 7 үйдің құрылысы басталады. Одан бөлек, осы маңда әлеуметтік нысандар да бой көтереді. Мәселен, 900 орындық мектеп және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша бір спорттық кешен салынады,-деді өңір басшысы.
Бұдан бөлек, бүгінгі күні аймақтың 43 000 тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары, қазір олар 1 шаршы метрінің бағасы 128 000 теңге болатын құны төмендетілген үй алу мүмкіндігін де пайдалана алады.
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды
-
Сайлау қорытындысы: Үш партияның Мәжілістегі мандаты белгілі болды
-
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
Ақберен Елгезек: Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты
-
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
Жаңа жағдайдағы неке мен отбасы мәселелері
-
1 желтоқсан – дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күні
-
«Nur Otan» съезі: Сайлауалды бағдарлама қабылданып, кандидаттар тізімі белгілі болды
-
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
-
Ұлан Әбішев: «Рухани жаңғыру» аясында ірі істер атқарылып жатыр

