- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында күн және жел электр станциялары салынады
Қарағанды облысында күн және жел электр станциялары салынады
Барлық алты станция 2020-шы жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс. Жобалар жеке инвесторлармен қаржыландырылады. Барлығы бұл жобалардың құрылысы мен пайдалануға беру үшін 163 миллиард теңге жұмсалады.
«Осы жылдың соңында Саран қаласында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясының құрылысы басталды. Оның қуаттылығы 100 МВт болады. Жылына ол 145 миллион КВт қуат өндіретін болады», - делінген хабарламада.
Тағы бір күн электр станциясы жоспар бойынша Шет ауданында, Ағадыр кентінің маңында орналасатын болады. Ол «КазСолар» ЖШС қаражатының есебінен салынып, қуаттылығы 50 Мвт құрайды.
Ақтоғай ауданында, Гүлшат ауылында «КПМ-Дельта» ЖШС қуаттылығы 40 МВт күн электр станциясы салынады.
Қуаттылығы 10 МВт жел қуатымен жұмыс істейтін жаңа электр станциясы Осакаров ауданында, Осакаров кентінде де пайда болады.
«Шаңырақ – 22» ЖШС қаржысы есебінен салынатын қуаттылығы 10 МВт болатын жел электр станциясы Қарқаралы ауданында салынады.
Абай ауданында «Агрофирма Құрма» ЖШС қуаттылығы бір МВт биогазды құрылғы орнатады.
Бұл станциялар өндіретін қуатты Энергетика министрлігі бір киловаттын 32-36 теңгеден орталықтандырып сатып алуды жоспарлап отыр.
Сонан соң оны KEGOК-тың желілері бойынша таратады. Тұтынушыларға қуат аймақтарда бекітілген тарифтер бойынша жеткізіледі. Қарағандыда бір киловатт 10-11 теңгені құрайды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы