• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы Путинмен Сирия мәселесі бойынша өткен кездесудің қорытындыларын талқылады

Елбасы Путинмен Сирия мәселесі бойынша өткен кездесудің қорытындыларын талқылады

2 Қараша, 2017 20:59
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында биылғы 30-31 қазанда Астанада Сирия мәселесі бойынша өткен халықаралық кездесудің кезекті раундының қорытындыларын талқылады. Тараптар Сириядағы жағдайды толығымен реттеу үшін Астана процесін әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.  

Президенттер, сондай-ақ, биылғы 9 қарашада Челябинск қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық барысын қарастырды.   

Бұдан бөлек, екі елдің көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастардың және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелеріне назар аударды. 

 

Барлық жаңалықтар