- Басты
- Жаңалықтар
- Қырғызстан кеденін реттемесе, бақылау күшейе береді
Қырғызстан кеденін реттемесе, бақылау күшейе береді
«Өткен жылдары бұл мәселе қырғыз тарапымен бірнеше рет талқыланған. Еуразиялық экономикалық комиссияға ерекше тапсырма беріліп, олардың баяндауы бойынша қырғыз тарапының кеден саласына қатысты кемшіліктері дәлелденген. Ол анық. Ендігі кезекте аталған мәселені шешудің қандай жолы бар? Ол – Қырғыз Республикасының кеден қызметімен бірлесіп, жұмыс атқару», - деді комитет төрағасының орынбасары журналистерге.
Сонымен қатар Ғұсман Әмрин шекарадағы мәселені шешу үшін Қазақстан тарапынан Қырғыз Республикасына бірнеше ұсыныс жолданғанын атап өтті.
«Өткен жылы Үкіметтің тапсырмасымен Қырғызстанға бардық. Оларға нақты қандай мәселе барын айттық. Екіншіден, осы жылы қайтадан бұл мәселені көтеріп отырмыз. Жағдай өзгерген жоқ. Бәрін де кедендік ережелер мен талаптарды жіпке тізгендей айтып бердік. Алайда одан оң нәтиже болған жоқ. Жалпы Қырғызстан тарапы «иә, қарайық, жұмысты күшейтейік, контрабандаға жол бермейік» деп айтқан. Ендігі кезекте атқарылатын жұмыс бойынша келісіп, бәрін бірге реттейік деп отырмыз. Яғни олардан жауап күтудеміз», - деді ол.
Осы орайда Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қос ел арасындағы мәселені қалай шешуге болатын жеткізді.
«Біріншіден, екі жаққа да тауардың құны бірдей болуы керек. Салықтарымыз бірдей болуы тиіс. Кеденде олар тауарды 1 доллармен, біз 10 доллармен алсақ, олай болмайды. Екіншіден, барлық тарапқа бірдей қарап отырғанымызды білдірдік. Бүгінге дейін ұсынысымыз біреу, ол кеденде бірлесе жұмыс атқару. Үшіншіден, бір-бірімізге «қандай тауарлар, қандай бағамен келді» деген ақпаратты алмасып отырайық деген ұсынысты жолдадық. Тағы да қайталап айтамын: бауырлас ел болғандықтан, бұл мәселені бірлесе шешуге тырысуымыз керек. Егер олар келіспейтін болса, біз тек қана бақылау жұмысын күшейте береміз», - дейді Ғұсман Әмрин.
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қандай нәтиже береді -
Пандемияға 1 жыл: Той-томалақ өткізу көбейе берсе, коронавируспен күресіміз жалғаса береді - пульмонолог -
Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілмек -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді -
Қоғамдық бақылау мен азаматтық бақылауды күшейту маңызды – Алик Шпекбаев -
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар -
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»