- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Саиров: Латын әліпбиі қазақтың рухани брендін қалыптастырудағы төте жол
Е. Саиров: Латын әліпбиі қазақтың рухани брендін қалыптастырудағы төте жол
Шығыс жастары Елбасы жарлығымен бекітілген қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысуын қызу қолдап отыр. Ең бастысы олар бұл реформаның ұлтымыз үшін, еліміздің дамуы үшін өзекті екенін түсінеді.
«Латын əліпбиін енгізу, «біртұтас қоғам, ортақ болашақ» деңгейіне көтеріле отырып, біздің социумды «саяси ұлт» деңгейіне жеткізудің тетігі жəне əдісі. Сонымен бірге ноу-хау, технология дамып бара жатқан заманда латын әліпбиіне өту – жастардың болашағына жол ашу екені жөнінде өте жақсы, келелі әңгіме болды. Осы жерде бір айта кететін мәселе, жастардың рухани жаңғырумен бірге латын әліпбиіне ауысуға деген құлшынысы өте зор. Дегенмен әліпбиді енгізудің әдістері мен тәсілдерін үйретуде бірқатар сұрақтар бар. Бұл сұрақтарға жастардың өзі де жауап беруге әзір» - дейді жиынға қатысқан саясаттанушы Ерлан Саиров.
Бұл қандай сұрақ және оған берілетін жауап қандай деген сауалымызға саясаттанушы өз ойын айтты.
«Заманауи тенденцияларға сәйкесетін латын әліпбиін енгізудің мемлекеттік потенциалы өте зор. Ал шынын айтар болсам, жастардың барлығы да латын әліпбиіне ауысуды қолдап отыр. Тіпті, қолдағанда да, өте саналы түрде, болашақтың негізі осы латын әліпбиінде екенін түсініп, әлемдегі 4,3 млрд халықтың осы латын графикасын пайдаланып отырғанын, ғылыми болсын, техникалық болсын, гуманитарлық болсын айналымның барлығы да осы әліпбимен жүрілетінін біліп отыр. Сондықтан да бұл қазақтың рухани брендін қалыптастырудағы төте жол» - дейді Ерлан Саиров.
Естеріңізде болса, 27 қазан күні Президент қазақ әліпбиінің латын графикасына ауысуы бойынша жарлыққа қол қойған болатын. Қазіргі уақытта осы әліпбиді қолдау шаралары мен қолданысқа енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда