Меморгандар журналистерге қалай ақпарат беру керек

2 Қараша, 2017 17:15
Мемлекеттік органдар журналистерге сапалы ақпарат беруі керек. Сонымен қатар, журналистерге ақпарат беретін тұлғаның жауапкершілігі нақты аталып көрсетілуі шарт, деп мәлімдеді Қазақстан Медиа Альянсының жетекшісі Арманжан Байтасов Мәжілісте.

Қазақстан Медиа Альянсының жетекшісі  журналистерді толғандырып жүрген проблемалар туралы айтып берді.

«Егер біз сұранысымызға жауапты 30 күн күтетін болсақ, біз оқырмандарымызды ақпаратсыз қалдырамыз. Ал біз олай істей алмаймыз. Басқа ақпарат көздеріне жүгінуге тура келеді. Сондықтан мен ақпарат беру мерзімін ғана емес, ақпаратты беретін жауапты тұлғалар туралы ойлану керек дер едім», - деді А. Байтасов. 

Бұдан басқа, ол БАҚ өкілдерінің жеке тұлғалар туралы мәліметті тарату мәселесіне тоқталды.

«Жеке мәліметтер мәселесі де маңызды. Біз жеке мәліметтерді қорғаудың маңыздылығын түсінеміз. Біз де осы елдің азаматтарымыз және жеке мәліметтердің сақталғанына мүдделіміз. Бұл бағытта көптеген Заңдар жұмыс істейді. Егер банк, отбасылық немесе дәрігер құпиясы таралып кетсе, салдары өте қиын болуы мүмкін», - деді Арманжан Байтасов. 

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар