ҚР-ның Малайзиядағы елшісі Малайзия СІМ Бас хатшысымен кездесті

13 Қаңтар, 2014 18:51
Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Данияр Сарекенов Малайзия Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Датук Осман бин Хашиммен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтың жағдайы мен болашақ перспективаларын талқылады.

Малайзиялық дипломат екі ел арасындағы саяси диалогтың, соның ішінде жоғары деңгейдегі байланыстардың даму екпініне жоғары баға берді.

Д.Хашим екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және іскер топтары арасында бизнес байланыстарын кеңейту қажеттілігіне назар аударды.

Сонымен қатар тараптар, екі елдің халықаралық сахнадағы қарым-қатынастарын дамыту, соның ішінде түрлі халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара қолдау және Малайзияның 2015 ж. АСЕАН ұйымында төрағалығын ескере отырып аймақтық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

 

 

Барлық жаңалықтар