- Басты
- Жаңалықтар
- Рухани жаңғырудың басты талабы -ұлттық кодты сақтау
Рухани жаңғырудың басты талабы -ұлттық кодты сақтау
Кездесу барысында Қазақстандағы еврей қауымының қызметі, қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы тұру үшін күш біріктіру және дінаралық келісімнің қазақстандық моделі жөніндегі мәселелер талқыланды.
Мемлекеттік хатшы АҚШ Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесінің бірі екендігін атап өтті.
Г.Әбдіқалықова Қазақстан Президентінің Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Жаһандық антитеррористік желі құру жөніндегі бастамасы өзекті екенін айтты. Еліміздің 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануы – екіжақты өзара іс-қимылымыздың кемеліне келуінің тағы бір айғағы.
Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу мақсатын алға қойып отыр. 2017 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыруға бағытталған Үшінші жаңғыру басталды. Алғашқы нәтижелер экономиканың нық қалпына келу үрдісін көрсетуде: биыл еліміздің ішкі жалпы өнімі 3,5 пайызға өсті.
Мемлекеттік хатшы рухани жаңғырудың басты талабы төл мәдениетіміз бен ұлттық кодты сақтау екендігін айтты.
Г.Әбдіқалықованың мәлімдеуінше, республикада 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі этностардың қоғамдық бірлестіктерге бірігуінің және мемлекетпен өзара әрекеттесуінің негізінде қалыптастырылды. Елімізде 1338 этномәдени бірлестік, соның ішінде 29 республикалық дәрежедегі бірлестік және 39 Достық үйі бар.
Келіссөз барысында Қазақстан Батыс пен Шығыстың ортақ сын-қатерлерге төтеп беруіне қатысты ұстанымдарын жақындастыра түсу үшін талпыныс жасап отырғаны айтылды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі арқылы Қазақстан әлемдік жетекші конфессиялардың жаһандық бейбітшілік пен келісімді орнықтыру жолындағы ұмтылыстарының алаңына айналды.
Соңында Гүлшара Әбдіқалықова Даниэль Рубиннің Қазақстандағы сапарының жақсы өтуіне ниеттестік білдіріп, табыс тіледі.
Айта кетейік, Еврей диаспорасы елдегі басқа да этностар секілді өз діні мен дәстүрін емін-еркін ұстанып келеді. 1992 жылдан бері 20 этномәдени бірлестікті, қайырымдылық мақсаттағы 13 хэсэдты және 13 қауымдық орталықты қамтитын Еврей ұлттық ұйымдарының «Мицва» қауымдастығы жұмыс істеуде. 2009 жылғы халық санағы бойынша, республикада 3485 еврей өмір сүріп жатыр.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері