- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс Кедендік реттеу кодексінің жобасын мақұлдады
Мәжіліс Кедендік реттеу кодексінің жобасын мақұлдады
«Қазақстан Республикасының жаңа Кеден кодексінің негізі Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа Кеден кодексінен алынды. Осы құжатты қалыптастыру кезінде біз қолданыстағы ҚР Кеден кодексінің нормалары құрылысының логикасын негіз етіп алдық. Бірінші кезекте бұл екі құжаттың орнына бір құжатты пайдаланудың ыңғайлы болуына байланысты», - деді Т. Сүлейменов.
Министр түсіндіріп кеткендей, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің электрондық декларациялауға, «бір терезе» тетігіне, тауарларды автоматты түрде шығаруға байланысты кедендегі бизнес процестерді автоматтандыру бөлігіндегі негізгі тәсілдері жаңа жобада толығымен көрсетілген.
«Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы немесе кез келген басқа тұлға практикада тек ұлттық кодекс нормасына сүйене алады, себебі Кодекс жобасында Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің ережелері толығымен имплементацияланған, ұлттық заңнамаға сілтеме нормалар көрсетілген, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың Кодексінде реттелмеген құқықтық қатынастар белгіленген. Жобада кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға арналған жеңілдетулер қамтылған. Мәселен, міндеттердің бірі белгіленген мерзімде есептілікті ұсыну болып табылады. Қолданыстағы нормаларға сәйкес есептілікті уақтылы ұсынбаған жағдайда тұлға тізілімнен алып тасталуға тиіс. Жаңа заңнама бұзушылық жойылғаннан кейін тұлғаның қызметін тоқтата тұруға және қайта бастауға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Т. Сүлеменов.
Ол толықтырып кеткендей, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында Кодексте кедендік операцияларды оңтайландыру бойынша бірқатар нормалар көзделген.
«Қолданыстағы кодексте 24 сағатта кедендік транзитті аяқтау көзделген болатын, жаңа кодексте рәсімді аяқтау үшін 4 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты берілген. Бұдан басқа, транзиттік жүктерді кедендік тексеріп қарауды жүргізу қажет болған жағдайда, оларды жүргізу мерзімі он күннен бес күнге дейін қысқартылды. «Көліктің екі және одан да көп түрімен тауарларды тасымалдау кезінде транзитті ресімдеуде белгілі бір қиындықтар болды. Көліктің әрбір түріне жеке транзиттік декларация ресімделген еді. Жаңа Кеден кодексінде бір транзиттік декларация ресімдеу мүмкіндігі берілген, бұл мультимодальды тасымалдау рәсімін едәуір жеңілдетеді», - деді ведомство басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінде ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы шарты ратификацияланды.
Қайрат Жандыбаев
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
«Ашық» жобасының iске асырылуы -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
ШОБ-ты қолдау: Бизнеске жүктеме азайтылып, жаңа реттеу саясаты енгізілмек -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты