2018 жылы Рига мен Алматы арасында тікелей әуе рейсін ашу жоспарлануда

2 Қараша, 2017 12:03
Келесі жылы Рига мен Алматы арасында тікелей рейс ашу жоспарлануда . Бұл туралы «ТрансЕуразия-2017» көлік-транзиттік әлеуеті туралы мерейтойлық X Халықаралық конференция сында Латвияның көлік министрлігінің мемлекеттік хатшысының орынбасары Уилдис Рейманис мәлімдеді.

«Келесі жылдан бастап  «airBaltic» Алматы арқылы ұшады деп айта аламын, Рига-Алматы  бағыты бойынша тікелей рейс ашылады. Биыл Bombardier CS 300 жаңа ұшақтарына қол жеткіздік, 60-қа жуық тікелей рейс  өзге елдерге қатынайтын болады», - деді У.Рейманис.

Ол айтып өткендей, еуразиялық   тасымалдау мен  Латвия үшін  халықаралық ынтымақтастықтың рөлі зор.

  «Латвия Литва, Эстония, Ресей, Беларусь, Қазақстан үшін  толықтай ашық. Біз өзара ынтымақтастықты толықтай қолдаймыз», - деді спикер.

Еске сала кетейік, қарашаның 1-нен 3-іне дейінгі аралықта өткен конференция аясында БҰҰ-ның көлік және шекарадан өту СПЕКА жобалық жұмыс тобының 22-сессиясы, көлік және логистика бойынша 21-ші TransKazakhstan/Translogistica 2017 халықаралық көрмесі, қосымша іс-шаралар сериясы ұйымдастырылды.

Ақбота Күзекбай

 

Барлық жаңалықтар