- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы Келісімі ратификацияланды
Мәжілісте ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы Келісімі ратификацияланды
«Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес бірыңғай кедендік реттеу жүзеге асырылады. Бұл шарт жаңа Кеден кодексін жасауды талап етіп отыр. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі халықаралық стандарттарға әрі кедендік әкімшілендірудің озық тәжірибесіне негізделген және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бес мемлекеттің әрқайсысының құқық қолдану тәжірибесінің ерекшеліктері ескеріле отырып жасалды. Құжатта кедендік операцияларды автоматтандыру, кедендік әкімшілендіруді жеңілдетуге негізделген бизнес үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың неғұрлым ыңғайлы алгоритмін енгізу, экспорт-импорт операциялары кезінде «бір терезе» тетіктерін құру мен енгізу сияқты мүлдем жаңа тәсілдер қамтылған», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
Министр толықтырып кеткендей, ЕАЭО Кеден кодексінің негізгі жаңалықтарының қатарында кедендік реттеуге қатысты мүлдем жаңа тәсілді атауға болады, ол - кедендегі бизнес процестерді автоматтандыру тәсілі.
«Электрондық декларациялау басымдығы енгізілуде. Бұл декларациялаудың электронды түрде жүзеге асырылатындығын білдіреді. Бұл ретте қандай да бір растау құжаттарын қоса беру қажет емес. Барлық қажетті мәліметтер декларацияның өзінде көрсетіледі. Қағаз түрінде декларациялау тек жекелеген жағдайларда, мысалы, техникалық істен шығулар кезінде ғана болуы мүмкін. Бұдан басқа, жобада «бір терезе» тетігін пайдалану мүмкіндігі заңды түрде қамтылған. Енді кеден органдары декларанттан ақпараттық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алуға болатын құжаттарды сұратпайтын болады. Осы екі жағдайды іске асыру тауарларды автоматты түрде шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, кеден органдарының ақпараттық жүйесі, егер әлеуетті бұзушылықтар анықталмаған болса, декларацияны лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз шығарады. Осылайша тауарларды кеден органдарының лауазымды тұлғасының қатысуынсыз шығаруға заңдық мән беріледі», - деді министр.
Бұдан басқа, жиынтығында көрсетілген нормалар декларациялау процесін айтарлықтай жеңілдетеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқартуға мүмкіндік береді.
«Ақпараттық технологияларға баса назар аударудан басқа, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өз шығыстарын оңтайландыруына мүмкіндік беретін бірқатар мүмкіндіктер, мысалы, кедендік баждар мен салықтар бойынша кейiнге қалдыруға қол жеткізу мүмкіндігі пайда болды. Егер декларант қандай да бір себептермен кедендік баждар бойынша бюджетпен бірден есеп айырыса алмайтын болса, онда мемлекет оған пайызын төлей отырып, бір айға кейінге қалдыруды пайдалану құқығын береді. Жекелеген жағдайларда пайыздарды төлемей алты айға дейін кейінге қалдыру ұсынылады. Мысалы, жеткізу халықаралық шарттар аясында жүзеге асырылған кезде, сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникасын, егістік материалдарын, асыл тұқымды малдарды әкелген кезде, төлеушіге зілзала, технологиялық апат немесе еңсерілмейтін күштің өзге де жағдайлары нәтижесінде залал келтірілген кезде кейінге қалдыру ұсынылады. Бұдан бөлек, экономикалық операторлар үшін арнайы жеңілдетулер кеңейтілді», - деп түйіндеді ведомство басшысы.
Аталып өткендей, Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа Кеден кодексінің күшіне енуі сыртқы экономикалық қызметті жүргізуді жеңілдетіп, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің транзиттік және экспорттық әлеуетін барынша пайдалануға мүмкіндік береді.
Қайрат Жандыбаев
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Бюджет кодексі: өзгерістер мен түзетулер -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы