• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырау облысында прокуратура мен кәсіпкерлер палатасы әріптестік меморандумына қол қойды

Атырау облысында прокуратура мен кәсіпкерлер палатасы әріптестік меморандумына қол қойды

13 Қаңтар, 2014 18:20
Атырау облысында прокуратура мен кәсіпкерлер палатасы әріптестік Меморандумына қол қойды, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

«Елімізде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына барлық жағдай жасалуда. Алайда кәсіпкерлікке кедергі келтіретін жайттар да жоқ емес. Жаңадан түзілген меморандум кәсіпкерлердің мүддесін қорғамақ», - делінген хабарламада.

2013 жылы тұтынушы құқын қорғау үшін Атырау облысында 40 тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 333 заң бұзушылық тіркеліп, 43 прокурорлық акт қозғалды. Сөйтіп 50 тұлға жауапкершілікке тартылды.

Облыстың бас прокурорының мәліметінше, мобильдік топтар жұмысы аса қажет. Өткен жылы 54 шақырту тіркеліп, оның 14-і дәлелденді. Осыған орай 17 тексеру ұйымдастырылып, нәтижесінде 14 кәсіпкердің құқының бұзылуы анықталды.

Барлық жаңалықтар