Қазақстаннан ұшатын 96 әуе бағыты бар – Ж.Қасымбек

2 Қараша, 2017 11:46
Қазақстанның азаматтық авиациясының әлеуеті туралы «ТрансЕуразия-2017» көлік-транзиттік әлеуеті туралы мерейтойлық X Халықаралық конференция сында ИДМ басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Қазақстандағы азаматтық авиация  саласы өткен жылмен салыстырғанда  10 пайыз өсімді көрсеткен. Өсім ұшу географиясының кеңейгенінің әсерінен болып отыр.

«Маңызды фактор – Қазақстан арқылы транзиттік жолаушыларды тарту. Біз соңғы 7 жылда жолаушылар ағынын  25 есеге арттырдық. Жалпы,  бұл Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қытайға Астана мен Алматы арқылы  шығу. Біз  37 шетелдік елмен келісім орнаттық. Бүгінде Қазақстаннан  96 халықаралық бағыт жүзеге асырылуда», - деді министр.

ИАТА мәліметі бойынша, әлемдегі жолаушыларды тасымалдау айналымы  өткен жылы 6 пайыз өсімді құрады. Жолаушылар тасымалының көлемі осы деңгейді құрап отыр.

Еске сала кетейік, қарашаның 1-нен 3-іне дейінгі аралықта өткен конференция аясында БҰҰ-ның көлік және шекарадан өту СПЕКА жобалық жұмыс тобының 22-сессиясы, көлік және логистика бойынша 21-ші TransKazakhstan/Translogistica 2017 халықаралық көрмесі, қосымша іс-шаралар сериясы ұйымдастырылды.

БҰҰ-ның СПЕКА бойынша Көлік және шекарадан өту жөніндегі жобалау жұмыс тобы БҰҰ СПЕКА-ның тұрақты даму мақсаты жөніндегі (ТДМ) семинары және «Интермодальдық көлік дәлізін дамытудың жаңа драйвер ретіндегі» БҰҰ ЭСКАТО арнайы сессиясынан құралады.

Конференцияға мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, сондай-ақ халықаралық,  аймақтық және қаржы ұйымдарының, көлік қауымдастықтарының және компанияларының өкілдері ретінде 300-ден астам қазақстандық және шетелдік делегаттар қатысты.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар