- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында киелі жерлерге апаратын жолдар қайта қалпына келтірілуде (ФОТО)
Маңғыстау облысында киелі жерлерге апаратын жолдар қайта қалпына келтірілуде (ФОТО)
Ruh.kz хабарлағандай, «Ата жолы» автожолы өңірдегі туристік орындарға, яғни Шопан-Ата, Оғланды және Бекет-Ата зиратына апаратын жол. Бұл орындар Маңғыстау өңірінің ғана емес, еліміздің мәдени мұрасы саналады. Сонымен қатар Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құруға бағытталған «Киелі мекен» арнайы жобасына кіреді.
Сонымен, ұзындығы 97 шақырымды құрайтын жол 2011 жылы пайдалануға берілген. Алайда, бірнеше қабаттан тұратын автожолдың соңғы қабаты, яғни асфальттау жұмыстары биыл қолға алынып, оған 5 млд. теңге бөлініп отыр. Жобаның реконструкциялау жұмыстары басталып, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының аумағында асфальт төселді.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзі атап өткендей отандық туризмді дамыту үшін алдымен логистика мен инфрақұрылымды жандандыруымыз қажет. Бүгінгі «Ата жолы» автожолын жаңартудағы негізгі мақсатымыз осы. Яғни, сапалы жол салынса, ел-жұрт келеді, тіршілік басталады. Басқа да қызмет көрсету орталықтары бой көтеріп, көптеген кәсіпкердің табыс табуына жол ашылары анық. Бұл жол жақсылыққа бастайтын жол болмақ», - деді маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Сондай-ақ, ол бұл жаңарту жұмыстары Үкіметтің қолдауы арқылы Маңғыстау облысы әкімдігі мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бірлесіп атқарып жатқан көп істердің бірі ғана екенін атап өтті.
Әкімдіктің мәліметі бойынша жобаның жалпы құны 5,042 млрд.теңгені құрайды. 97 шақырым жолдың 51 шақырымын асфальттауды 2019 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
-
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы