- Басты
- Жаңалықтар
- Қазанда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 6 млрд теңгеге жуық жарна түсті
Қазанда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 6 млрд теңгеге жуық жарна түсті
2 Қараша, 2017 15:54
Биылғы қазан айында жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Ұлттық банктегі шотына 6 млрд теңгеге жуық сақтандыру жарнасын аударды.
Қор хабарлағандай, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған шілде айынан бері түскен жарналар мен аударымдар мөлшері 18,6 млрд теңгеге жетті. Оның 81 пайызы немесе 15,02 млрд теңгесі жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары. Ал, қалған 19 пайызы немесе 3,54 млрд теңге жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы (жалпы соманың 21,6%) мен Астана (12%) қалалары, сондай-ақ Қарағанды (8,2%) және Шығыс Қазақстан (7,4%) облыстары көш бастап тұр.
Көрсеткіш Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының биылға жасаған болжамдарына сай.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары