- Басты
- Жаңалықтар
- 70 мың ақтөбелік «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасымен қамтылды
70 мың ақтөбелік «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасымен қамтылды
Өңірдегі өзекті әлеуметтік сұрақтарды шешуге, діни экстремизмнің алдын алуға, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу сұрақтарын түсіндіруге, бизнес ортаны дамытуға бағытталған маңызды жоба 9 қазанда Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар, Темір, Мәртөк, Қарғалы, Байғанин, Шалқар аудандарында бастау алды.
«Ауқымды түсіндірме жұмыс пен діни мәселелер» бағытының аясында 324 шара өткізіліп, 12 814 ақтөбелікке экстремизм идеологиясының кесірі түсіндірілді, Ханафи мазхабының исламдағы рөлі ашылды. Теологтар мен сарапшылар 345 диструктивті діни ағым жетегінде жүрген 51 адаммен кездесу өткізді.
«Бизнес ортаны дамыту» бағыты бойынша 3548 тұлғаны қамти отыра 119 шара өткізіліп, бизнесті ұйымдастыру және жүргізу бойынша семинарлар мен тренингтер кезінде 640 адам оқытылды. 113 адамды қамти отыра «Бизнес Бастау» курстарына оқыту басталып, жалпы сомасы 274,2 млн. теңгеге 47 жобаны жүзеге асыру үшін көмек көрсетілді.
«Әлеуметтік мәселелерді шешу» бағыты барысында 325 шара өткізіліп, 13 123 адам қамтылса, оның ішінде 1548 азамат көмек алды. Өткізілген «Жақыныңа көмектес» атты 19 қайырымдылық акциясы кезінде 159 ақтөбелік жалпы сомасы 3 млн. 72,5 мың теңгеге көмек алды.
Аз қамтылған 452 отбасыға «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасына қатысу тәртібі түсіндіріліп, оның ішінде қырық жанұяға түрлі көмек көрсетілді. 639 жұмыссызбен жұмыс жүргізіліп, еңбекке орналастыру бойынша кеңестер берілсе, 144-і жұмысқа орналастырылды. 93 еңбек ұжымында кездесулер өткізіліп, 1217 жұмысшы қамтылды, 182 еңбек шартына қол қойылды.
Дәрігерлер 39 ота жасап, 8027 тұрғынға медициналық көмек берді.
Ақпараттық жұмыстар аясында ҚР президентінің Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын, «Жүз нақты қадам» ұлт жоспары мен мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын түсіндіру бойынша 3008 адамды қамтыған 557 шара өткізілді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты