Қаңтар-қазан айларында ҚР-дағы инфляция 5,4%-ды құрады

2 Қараша, 2017 09:44
Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы он айда (2017ж. қазан 2016ж. желтоқсанға) 4,5%, азық-түлік емес тауарларына – 7,5%, ақылы қызметтерге – 4,6%-ға өсті, деп хабарлады ҰЭМ.

Ағымдағы жылдың басынан (2017ж. қазан 2016ж. желтоқсанға) бағаның өсуі басты пиязға 32,8%, картопқа – 30,9%, сәбізге – 23,9%, сиір етіне – 13,2%, қой етіне – 13,1%, консервіленген сүтке – 10,4%, сары майға – 9,4%, кондитерлік өнімдерге – 8,7%, мәйекті ірімшікке – 8,6%, мұздатылған балыққа – 8,4%, жылқы етіне – 7,9%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қызанаққа 51%, қиярға – 50,9%, сарымсаққа – 26,8%, тәтті бұрышқа – 23,4%, жұмыртқаға – 23,3%, қарақұмық жармасына – 23,2%, қантқа – 13,9%, қырыққабатқа – 10,5%, күнбағыс майына – 9,6%-ға тіркелді.

Баға өсімі кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 9,3%-ға, шыны және қыштан жасалған өнімдерге, автомобильдерге – 7,5%-дан, кітаптарға – 7,2%, киім және аяқ киімге – 6,6%, тоқыма бұйымдарына – 5,6%, газеттер мен журналдарға – 5,5%, фармацевтикалық өнімдерге – 5,3%, жеке қолданатын тауарларға – 5%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 4,9%, тұрмыстық аспаптарға – 4,4%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 4,2%-ды құрады. Дизель отыны 19,9%, бензин – 17,3%, тас көмір – 15,3%, баллондағы сұйытылған газ – 7,8%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7%, денсаулық сақтау – 6,9%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 6,5%, қоғамдық тамақтандыру – 4,1%-ға өсті. Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы 8,9%, қалааралық – 6,5%, жолаушылардың әуе көлігімен – 3,9%-ға қымбаттады, ал алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен – 0,7%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 10,6%, кәрізге – 9,1%, орталықтан жылытуға – 7,3%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 6,6%, суық суға – 5,1%, электрэнергиясына – 5%, ыстық суға – 3,6%-ға жоғарылады.

Барлық жаңалықтар