- Басты
- Жаңалықтар
- Шетелдік компанияның басшысы Қазақстан Президентінің көрегендігін атап өтті
Шетелдік компанияның басшысы Қазақстан Президентінің көрегендігін атап өтті
Мемлекет басшысы «Ротшильд» компаниясының қаржы секторындағы жұмыс тәжірибесі мол және халықаралық беделі биік екенін атап өтті.
«Ротшильд» компаниясы – әлемдегі ертеден келе жатқан ірі қаржы институттарының бірі. Сіздердің жеке капитал салымшылармен жұмыс жөніндегі тәжірибелеріңіз мол. Бұл тәжірибе біздің еліміз үшін де маңызды. Сол себепті қазір Қазақстанның Ұлттық банкіне кеңес беріп отырсыздар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Эрик де Ротшильд Қазақстан Президентіне кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, еліміздің қарқынды дамып келе жатқанына қызыға қарайтынын жеткізді.
«Бұл – менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Соңғы екі күндегі әсерлерім өте жақсы. Сіздің арқаңызда болашақта еліңіз жоғары қарқынмен дамитын болады. Қазақстан географиялық тұрғыдан ұтымды жерде орналасқан. Ол Азия мен Еуропа арасындағы көпір болып саналады. Сіздің экономиканы әртараптандыруға, өнеркәсіпті дамытуға және шикізаттық экономикадан бас тартуға жетелеген үрдістерді айқындай алған көреген қадамыңыз мені тәнті етті», – деді компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Эрик де Ротшильд.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты