- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сағынтаев Иордания Королі ІІ Абдалла бен Хусейнмен кездесу өткізді
Б. Сағынтаев Иордания Королі ІІ Абдалла бен Хусейнмен кездесу өткізді
Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жаңартылатын энергия саласындағы, сондай-ақ, қорғаныс өнеркәсібі мен логистика мәселесіндегі өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінді.
Қазақстан мен Иордания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 ж. ақпан айында орнаған. 2017 жылдың қаңтар–тамыз айларындағы Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда айналымы 253,8 мың долларды құраған, оның 252,4 мың доллары ҚР импортына тиісті. Импорт өсімі Иорданиядан әкелінген дәрі-дәрмек көлемінің ұлғаюына байланысты орын алды. 2005 жылдан 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы аралығында Иорданиядан Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар түсімі $10,8 млн құрады.
ҚР Үкіметі мен Иордания Хашимит Королдігі арасындағы инвестицияларды өзара қорғау мен ынталандыру туралы келісімге 2006 жылғы 29 қарашада Амманда қол қойылды. 2017 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанда Иордания капиталының қатысуымен 82 заңды тұлға мен өкілдіктер тіркелген.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді