- Басты
- Жаңалықтар
- Қ. Тоқаев Иордания Королін Президент Н. Назарбаев сыйлығын алуымен құттықтады
Қ. Тоқаев Иордания Королін Президент Н. Назарбаев сыйлығын алуымен құттықтады
Сенат Төрағасы Иордания Королін Таяу Шығыстағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне қосқан Абдалла II-нің күш-жігері атап өтілген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығының берілуімен құттықтады.
Қ.Тоқаев Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана келіссөздерін Амманның қолдауын ерекше атап өтті. Парламент жоғары Палатасының Төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 2015 жылғы V Съезіне белсенді қатысқаны үшін Иордания Короліне ризашылығын білдірді. Сенат Төрағасы мәртебелі мейманды 2018 жылы өткізу көзделіп отырған VІ Съезд туралы хабардар етті.
Онда жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдағы діни және саяси қайраткерлердің рөлін қарастыру жоспарланып отыр. Абдалла II Президент Н.Назарбаевпен болған кездесудің қорытындыларын жоғары бағалады, оның нәтижесінде қол қойылған келісімдер біздің елдеріміз арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға жаңа серпін беретіні туралы пікір айтты.
Иордания Королі дінаралық үнқатысуды ілгерілетуге, Шығыс пен Батыс арасындағы өзара түсіністікті орнатуға Қазақстан зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Жүздесушілер екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады