- Басты
- Жаңалықтар
- Елімізде биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі 2% дейін артқан - АШМ
Елімізде биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі 2% дейін артқан - АШМ
Кездесуге қатысушылар ауылшаруашылық кешенін дамыту Карталарын талқылады.
«Бүгінгі отырыстың күн тәртібіндегі басты мәселелер: АШК дамыту карталары – ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік қолдауды жетілдіру бойынша шаралар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2017 жылдың ақпан айынынан бастап 2021 жылға дейін агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарлама іске асырыла бастады. Бүгінде біз оның оң нәтижелерін көріп отырмыз»,- деді Қайрат Айтуғанов.
Министрліктің ақпараты бойынша, елімізде биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі 2% дейін артқан. Ет өндірісі - 3,3%, сүт өндірісі - 2,8% артқан.
«Өсімдік шаруашылығында да өндіріс көлемі артты. Биыл 22 млн тонна егін бастырылды. Өткен жылдары егіннің сапасына сын көп айтылғанды. Ал биылғы жылғы түсімде 3-ші санаттағы егін үлесі 65% дейін ұлғайды. Оған тұқым шаруашылығын қолдау мен минерал тыңайтқыштарды қолдану бойынша шаралар әсер етті»,-деп қосты ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі.
Вице-министрдің сөзінще, қарағандылық бидайдың да сапасы жақсарған.
«Қарағандының бидайы бұрын дән желімшесімен танымал болған. Бұрындары оның көлемі 40% дейін барған. Биылғы жылғы нәтижеде жаман емес – 25% жоғары. Бұған селекционерлердің уақтылы жасаған жұмыстары өз септігін тигізді. Бүгінде қарағандылық бидай экспортқа шығарылады және ішкі нарықта пайдаланылады»,-дейді Қайрат Айтуғанов.
Саланы ары қарай дамыту үшін министрлік АШК карталарын даярлады. Олардың барлық саны 13, оның 10-ы дайын, үшеуі даярлану үстінде. Бұл карталар ауыл шаруашылығын дамытуға және шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге бағытталған. Мынадай бағыттар бойынша шаралар қарастырылған: ауыл шаруашылық қауымдастықтары, агроөндіріс өнімдерін қайта өңдеу, тұқым шаруашылығы, агрохимия, техникалық құрылым мен тағы басқалары.
«Бүгінгі басты тапсырма – кезеңмен субсидиядан жеңілдетілген несиелендірулерге көшу. Биылғы жылы субсидияның 65 түрі қарастырылды. Олардың 1-і тиімсіз деп танылса, 40 субсидия бойынша өлшемшарттар өзгертілді, қалған 14-і өзгеріссіз қалдырылы»,-деп түсіндірді Қайрат Айтуғанов.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады