• Басты
  • Қазақстан «Doing Business 2018» рейтингінде 36-орынды иеленді
2 Қараша, 2017 08:46

Қазақстан «Doing Business 2018» рейтингінде 36-орынды иеленді

Қазақстан 2017 жылғы 1 қарашада (Астана уақыты бойынша) жарияланған «Doing Business 2018» Дүниежүзілік Банк рейтингінде Италия (46 орын), Бельгия (52 орын), Израиль (54 орын), Грекия (67 орын), Түркия (60 орын) секілді ЭЫДҰ-ның елдерін басып озып, 36-орынды иеленді, деп хабарлады ҰЭМ.

Қазақстан «Doing Business 2018» рейтингінде 36-орынды иеленді | Strategy2050.kz

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасында Қазақстан рейтингте Беларусь (38 орын), Армения (47 орын), Қырғызстан (77 орын) елдерінен басым түсті. Ресей «Doing Business 2018» рейтингінде 35 орын алды.

Бұл туралы бүгін ОКҚ-дағы брифингте Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева хабарлады.  

ҰЭМ өкілінің айтуына қарағанда, Қазақстан рейтингтегі 190 елдің арасында «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша 1 орынды иеленді. Республика екінші жыл «Келісімшарттарды орындау» индикаторы бойынша (6 орын) алғашқы ондыққа еніп отыр. «Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша еліміз 17 орын алды.

Қазақстан «Төлем қабілетсіздігін шешу» индикаторы бойынша 39 орын, «Кәсіпорындарды тіркеу» бойынша – 41, «Салық салу» бойынша - 50,  «Құрылысқа рұқсат алу» бойынша - 52, «Электр желілеріне қосылу» бойынша - 70, «Несие алу» бойынша - 77 және «Халықаралық сауда» бойынша 123 орын алды.

Бизнес жүргізу үшін ең қолайлы ел рейтингте сәйкес алдыңғы 5 орынды иеленген Жаңа Зеландия, Сингапур, Дания, Оңтүстік Корея және Гонконг болып табылады.

«Doing Business 2018» баяндамасы кәсіпкерлік қызметті күшейтуге ықпал ететін нормаларға, сондай-ақ оны шектейтін нормаларға бағалау жүргізетін Дүниежүзілік Банк тобының жыл сайынғы жетекші басылымының топтамасындағы 15-шығарылым болып табылады. Бұл зерттеуде 190 ел үшін 10 индикатор бойынша мәліметтерді салыстыруға мүмкіндік беретін бизнес-ахуалдың қолайлылығы деңгейінің сандық көрсеткіштері пайдаланылып отыр.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды