- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада БҰҰ СПЕКА-ның көлік және шекара қиылысуы жөніндегі жобалық жұмыс тобының отырыс өтеді
Астанада БҰҰ СПЕКА-ның көлік және шекара қиылысуы жөніндегі жобалық жұмыс тобының отырыс өтеді
Шараға БҰҰ СПЕКА мүше мемлекеттерінің 40-тан астам мемлекеттік органдар мен дипломатиялық өкілдіктерінің делегаттары қатысуда. Олардың ішінде Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Тәжікстан, сондай-ақ, халықаралық, өңірлік және қаржы ұйымдары - БҰҰ ЕЭК, БҰҰ ЭСКАТО, БҰҰДБ, Түркі кеңесі, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі және Ислам даму банкінің өкілдері бар.
Қабылдаушы ел атынан ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дәурен Сабитов құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде Д.Сәбитов БҰҰ СПЕКА-ның 1997 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ Еуропалық және Азиялық-Тынық мұхиты аймақтық комиссиялары тарапынан әзірленгенін атап өтті. Сол уақыттан бері БҰҰ СПЕКА-ның платформасында талқыланған ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі халықаралық транзиттік тасымалдау мен ұлттық көлік және кеден заңнамасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру болып табылады.
Ертең, 2-қарашада, 22-ші отырысқа қатысушылар көлік саласына қатысты Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) арналған БҰҰ СПЕКА семинарында көліктік сектордың өзекті мәселелерін талқылайды.
Семинарға қатысушылар ұлттық деңгейдегі ұзақ мерзімді көлік саясатын қалыптастыру және енгізу арқылы ТДМ-ға қол жеткізу жолдарын талқылайды.
Бұл тұрғыда 2030 жылға дейін көлік саласының концептуалды дамуы және осы үдерісте халықаралық қаржы институттарының рөлі, тұрақты көлік инфрақұрылымын құру және қауіпсіз қалалық көлік жүйесіне қолжетімділікті арттыру, БҰҰ СПЕКА елдерінде, Ресей және Беларуссияда жол қозғалысы қауіпсіздігі мен автокөлік туралы деректерді жинау және өңдеу жұмысына баса назар аударылатын болады.
Аталмыш іс-шаралардың «Жаңа Еуразия: еуразиялық трансконтинентальды маршруттардағы көліктік-логистикалық жүйелерді дамыту» тақырыбындағы «ТрансЕуразия-2017» көлік және транзит әлеуетіне арналған 10-шы халықаралық конференция шеңберінде өткізіліп отырғанын еске саламыз.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар