- Басты
- Жаңалықтар
- 2018 жылы зейнетақы жүйесін елеулі өзгерістер күтіп тұр
2018 жылы зейнетақы жүйесін елеулі өзгерістер күтіп тұр
Зейнатақы жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтып берді.
1 қаңтардан бастап Қазақстанда ынтымақты зейнетақы көлемі (еңбектік) 8%, базалық зейнетақы басқа да жәрдемақы түрлері сияқты 6% өседі.
Сонымен бірге, базалық зейнетақыны тағайындаудың әдісі өзгереді. Мәселен, бүгінде базалық зейнетақы төлемдері еңбек өтілі есепке алынбай барлығына бірдей беріліп келсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек өтіліне қарай есептеліп бөлінетін болады.
Светлана Жақыпованың айтуынша, жинақтаушы зейнетақы қорына жиналған зейнетақы жарнасын ескере отырып, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі де, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі де еңбек өтілі есепке алынады.
«Мысал үшін, егер азамат келер жылы зейнеткерлікке шығады делік. Оның 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі ынтымақты зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілі 20 жыл болып, 15 жыл бойы зейнетақы жинақтау қорына үзіліссіз зейнетақы жарнасын төлеп келді. Осылайша, оның жиынтық еңбек өтілі 35 жылға тең болады. Жаңа жүйе әдісіне сай, егер еңбек өтілі 10 жылдан кем болған жағдайда, ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54% тағайындалады. Бұл сома келер жылы – 15274 теңге.
Еңбек өтілі 10 жылдан асатын болса, әр жыл үшін 2% үстеме қосылады. Егер жоғарыдағы мысалда келтірілгендей, жалпы еңбек өтілі 35 жыл болатын болса, базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі өмір сүру деңгейінің 100% көлемінде, егер еңбек өтілі 20 жыл болатын болса, ең төменгі өмір сүру деңгейінің 74% көлемінде тағайындалады», - деді вице-министр.
Дәл қазір елімізде базалық зейнетақы алатын 2 млн 139 мың адам бар. Олардың 44,1%-ының базалық зейнетақысы екі есеге көтерілетін болады. Бұл дегеніңіз, бүгінде зейнеркерлер 14 466 мың теңге алатын болса, 1 шілдеден – 28 274 теңге зейнетақы алады.
Аталған шара еңбек өтілі көп бола тұра, аз зейнетақы алып келген зейнеткерлердің зейнетақысын айтарлықтай жоғарылатып, әлеуметтік әділеттілікті орнатады.
Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап, ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы да өзгереді. Бүгінгі күнгі мөлшер – 24 459 теңге. Құрылымның өзгеруі оның мөлшерін 16%-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, қазіргі таңда азық-түлік себетінің ішкі арасалмағы 60-та 40%. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мұнда азық-түлікке жатпайтын бөлік ұлғайтылып, сәйкесінше 55-те 45% болады. Нәтижесінде, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері – 28 284 теңге болады.
Вице-министрдің айтуынша, барлық уақытта жинақталған зейнетақы төлемдері инфляция деңгейінен 2% артығымен төленіп отырады.
«Өткен жылдары ресми статистика бойынша, инфляция деңгейі 7% болса, біз зейнетақы көлемінің индексациясын 9%-бен есептедік».
Жалпы алғанда, жаңа жүйе енгізілгенде қоғамда «қанша көп еңбек етсең, сонша көп зейнетақы аласың» деген ұғым қалыптасады.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері