Еліміздің қайырымды жандары 2017 жылы 16 спорт мектебі мен 29 балабақша салды

1 Қараша, 2017 17:14
Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алтын жүрек» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті, деп жазады ruh.kz.

«Жүлде қоғамның өмірінде мейірімділік пен гуманизмнің үлкен рөл атқаратындығын дәлелдейтін адамдарға 11 номинация бойынша беріледі. Олардың қайырымдылықтары халықтың қорғалмаған топтары мен әлеуметтік маңызы бар жобалардың қаржылай қолдауымен ғана емес, сонымен қатар олар үшін мүмкін болатын физикалық және моральдық үлесімен де көрінеді», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Биыл «Алтын жүрек» сыйлығына 455 рекордтық өтінім беріліп, олардың  100-ден астамы жеке тұлғалардан келіп түсті.

Сыйлықты ұйымдастыру комитетінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанда бір жыл ішінде тек өтініштер бойынша 29,4 млрд. теңгеден астам қайырымдылық шаралары өткізілді. Қазақстанның қайырымдылық көмекшілері мен еріктілері 16 спорт мектебін және 29 балабақшаны салған, 23 орта мектепті, мүгедек балаларға арналған 3 арнайы балабақшаны жөндеуден өткізді, аз қамтылған отбасылардан шыққан 10 000 балаға арналған балалар лагерьлеріне жолдамалар сатып алды, 33 компьютерлік сынып пен 8 аурухана жабдықталды, аз қамтылған отбасылардан шыққан 800-ден астам баланы мектепке дайындады, Ұлы Отан соғысының 26 ардагерінің пәтерлерінде жөндеу жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ, 500 ардагер мен тыл еңбеккерлеріне материалдық көмек көрсетті.

Бұдан басқа, іс-шара барысында өткен жылы Қазақстан халқының қайырымдылық және игі істерін толығымен көрсететін «100 жақсы іс» атты фотокөрме ұйымдастырылды.

2017 жылы сыйлықтың лауреаттары «Жетім балаларға көмек көрсеткені үшін» - Екатерина Яценко (Павлодар облысы, Екібастұз қаласы), «Білім беруді қолдағаны үшін» - Мұрат Әділханов (Алматы қаласы), «Мүгедектерге қамқорлық жасағаны үшін» - Біржан Қожақов (Орал қаласы, БҚО), «Спортты қолдағаны және дамытқаны үшін» - «Алматы марафоны» қайырымдылық спорттық іс-шарасы (Алматы қаласы), «Ардагерлерге қамқорлық көрсеткені үшін» - Расим Темербаев (Алматы қаласы), «Жыл меценаты» - Сергей Спицын (Алматы қаласы), «Ақпараттық қайырымдылық көмекшісі» - Майра Әбдірахманова (Алматы қаласы), «Жылдың қайырымдылық көмекшісі» - Темірлан Шайнусипов (Алматы облысы, Ақ Терек ауылы), «Жыл ұйымы» - «Kaspi Bank» АҚ, «Денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін» - «28 петель» клубы (Астана қаласы), «Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін» - Виктория Шарбон және Елизавета Тернок (Тараз қаласы, Жамбыл облысы) болды.

Барлық жаңалықтар